2026 жылғы 5 ақпанда жас педагогтерге арналған білім беру тәжірибесінде генеративті жасанды интеллекті (ЖИ) қолдануға арналған вебинар ұйымдастырылды.
Іс-шара Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымымен бірлесіп өткізілді.

Вебинар бағдарламасы:
«Педагог жұмысына генеративті ЖИ қолдану: промт-инжиниринг негіздері»

Спикер : «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Қостанай облысы бойынша КДИ кафедрасының меңгерушісі, Google for Education сертификатталған оқытушы Худяков Роман Владимирович,.«Педагог жұмысындағы генеративті ЖИ: промт-инжиниринг негіздері»

Спикер: «Өрлеу» БАҰО АҚФ Қостанай облысы бойынша КДИ, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы, Google for Education сертификатталған тренері Мускина Айнур Нұрлановна,,

Вебинар барысында қатысушылар:
• промттарды дұрыс құру жолдары;
• сабақтар мен тапсырмаларды дайындауға арналған нақты мысалдарды;
• ЖИ-пен жұмыс істеу кезінде кездесетін типтік қателіктер және оларды болдырмау тәсілдері;
• күнделікті педагогикалық тәжірибеде генеративті ЖИ-ні қолданудың практикалық кейстерін қарастырды
Вебинарға облыстың 160-тан астам педагогтері қосылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық құралдарға деген белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс айтамыз.