Облыстық әдістемелік орталық пен Қостанай облысы бойынша «Өрлеу «ҰБАО» АҚ ОЖБ филиалының бірлескен жобасы «MUG`ALIM-PRO» Қостанай облысының 15 мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында іске қосылды.
Жобаның ашылуымен «Мұғалім – ұлт нұры» педагогикалық апталығы басталды. Бірінші күн (дүйсенбі) – Үздік педагог күні. Бұл күні шығармашылық педагогтар «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Қостанай облысы бойынша ОЖБ филиалының алаңына жиналды.
Т.И. Набатникова жобаның бағыттарын ұсынды және әріптестерімен жұмыс шеңберіндегі қажеттіліктерді талқылады.
«Өрлеу» «ҰБАО» «АҚ филиалының директоры» Г.А. Мусабекова «Тұлға. Әсер ету. Трансформация» атты стратегиялық сессиясында қатысушылардың белсенділігін арттырды.
Өзінің жеке әлеуетін дамытуды түсіну және өзін-өзі дамыту құралдарын тиімді пайдалану әріптестерге «Жеке әлеует кәсіби даму ресурсы» фокусында өздерін көруге мүмкіндік берді. Спикерлер Қарабалық ауданы Тоғызақ мектебінің директоры Т.А. Леванова және Қостанай қаласы №31 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Н.Д. Сражатова сөз сөйледі.
Жаңа жоба басталды! Оның кадрлық әлеуетті дамытудағы тиімділігіне үміттенеміз!
https://metodedu-kost.kz/kz/innovatsiyalar/zhobalar/proekt-mug-alim-pro-startoval.html#sigFreeId4f71a9a587





