Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Қостанай облысының мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеме Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы «28» қыркүйектегі № 408 «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Казақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу, инновациялық, эксперименттік бағдарламаларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты облыстық білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдер мен жағдайлар жасау болып табылады.

Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

2) балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша мобильді топтар құру;

3) тәрбие-білім беру, оқу-тәрбие процесінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейіне, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу;

4) педагогикалық қызметті зерттеу, педагогтердің озық (озық, инновациялық) педагогикалық практикаларын, әзірлемелерін жинау, сараптау, жалпылау және тарату;

5) тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, білім беру ұйымдары мен педагогтердің бастамаларын қолдау;

6) жұмыс тәжірибесін жинауды, талдауды және жүйелеуді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді түрлері және олардың мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру нәтижелері туралы деректер банкін құру;

7) педагогтердің сапалық құрамының мониторингі, қажеттілік болжамы, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

8) республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялар мен ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу;

9) педагогтерді аттестаттау үшін жағдайлар жасау;

10) педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбие-білім беру, оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістермен таныстыру;

11) білім беру ұйымдары мен педагогтерді консалтингтік ақпараттық, технологиялық қолдауды қамтамасыз ету;

12) педагогикалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

13) білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету