Ағымдағы жылдың 04 ақпан күні Қостанай қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

«Білім беру подкасттары мен бейнеконтент: мұғалім - медиа жасаушы ретінде» тақырыбында өткен семинарда цифрлық білім беру контентінің заманауи форматтары мен педагогтің медиа кеңістіктегі рөлі қаралды. Қатысушылар подкасттар мен бейнематериалдарды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерімен, олардың оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттырудағы артықшылықтарымен танысты.

Білім беру медиаконтентін жасау кезеңдеріне, тақырыптарды, құрылымды, түсіру және монтаждау құралдарын таңдауға ерекше назар аударылды. Семинар мұғалімнің оқуды қолдау және цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін медиаресурстарды тиімді пайдалану жолдары туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етті.
Семинардың өту сапасы оң пікірлерге ие болып, оқу үрдісіне бейнеконтентті енгізуге серпін берді.