2026 жылғы 28 қаңтарда КГКП «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» базасында хореографиялық пәндер оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған республикалық семинар-практикумның салтанатты ашылуы өтті.

Құттықтау сөздерде семинардың өзектілігі, хореография кафедрасының даму перспективалары және хореографиялық білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері атап өтілді.

Семинар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері мен хореограф-практиктерді біріктірді. Іс-шараның жарқын бастамасы ретінде хореография кафедрасының жетістіктері туралы видеопрезентация және «Самғау» концерттік нөмірі ұсынылып, залды шығармашылық пен шабыт атмосферасына бөледі.

Семинар қатысушыларына жемісті жұмыс пен жарқын кәсіби әсерлер тілейміз!