Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында 2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты «Қостанай ауданының білім бөлімі Рыспай негізгі орта мектебі» КММ базасында «Даму» әдістемелік сүйемелдеу Мектептері» облыстық жобасына қатысушы мектептер үшін әдістемелік десант өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу. Семинарға Қостанай ауданының әртүрлі мектептерінен келген педагогтер қатысып, шеберлік сыныптарын өткізді:
• Деменок Т.К., КММ «Жуков негізгі орта мектебі», педагог-сарапшы;
• Джусупбекова Г.Т., КММ «Жамбыл жалпы білім беретін мектебі», педагог-зерттеуші;
• Шайхиева Л.Р., КММ «Молоканов негізгі орта мектебі», педагог-сарапшы;
• Нуржанова С.Т. және Кожина Ф.К., КММ «Заречная №1 мектебі», педагог-зерттеушілер;
• Абишев А.Э., КММ «Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназия», педагог-зерттеуші.
Семинар тәжірибе алмасуға, әдістемелік практиканы талдауға және білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге арналған тиімді алаңға айналды.