2025 жылғы 23 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Алтынсарин ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен және Силантьев жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп онлайн форматта облыстық педагогикалық практикум - «Жастар диалог - клубы "Заң және тәртіп": "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» тақырыбында өткізді.
Іс - шараға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Практикум мектептерде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» жастар диалог - клубын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналды. Диалог - клуб білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заң талаптарына құрметпен қарауын дамытуға бағытталған интерактивті платформа ретінде ұсынылды.
Іс - шара педагогтердің «Заң және тәртіп» жастар диалог - клубын құқықтық тәрбие мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді формасы ретінде ұйымдастыру және өткізу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.





