«АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, сондай-ақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы өткізілді.
«Зерделі» зияткерлік даму мектебі ұйымдастырған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңіне «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан 886 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша 118 педагог олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
Олимпиаданың облыстық кезеңі 2026 жылдың 6 қаңтарында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 118 педагогтың 53-і (45%) жүлдегер атанып, I, II және III орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
I орынға ие болған және олимпиаданың республикалық кезеңіне өткен педагогтер:
80 балл - Куспаева Екатерина Викторовна, «Лисаковск қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
77 балл - Погорелова Екатерина Ивановна, «Федоров ауданы білім бөлімінің М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
76 балл - Рыхлицкая Александра Владимировна, «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаевская жалпы білім беретін мектебі» КММ;
73 балл - Штых Светлана Юрьевна «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің №1 Урицкая жалпы білім беретін мектебі» КММ;
67 балл - Калдаманова Закира Асылбековна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп- гимназиясы» КММ;
67 балл - Чеголина Людмила Иннокентьевна, «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Надежденская негізгі орта мектебі» КММ;
66 балл - Жарылкапова Диана Аманжолқызы, «Рудный қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
62 балл - Биятова Асемгуль Саматовна, «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз!