2025 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай, Жамбыл облыстары, Астана, Беларусь (Гродно облысы), Ресей (Мәскеу, Тольятти, Комсомольск - Амурда, Екатеринбург, Челябинск, Нижний Новгород облысы) әдіскерлерінің, педагогтерінің қатысуымен «Әдістемелік қызмет: үздік тәжірибелер» тақырыбында халықаралық ғылыми - практикалық онлайн - конференция өтті.

Конференцияның негізгі бағыттарына сәйкес (Pro - әдістемелік қызмет қозғалысы: тәжірибе, идеялар; инновацияларды, жобаларды әдістемелік сүйемелдеу; әдістемелік қызметті дамытудың тиімді тетіктері) баяндамалар, жинаққа арналған жарияланымдар ұсынылды. Конференция спикерлері әдістемелік бірлестіктердің қызметіндегі шығармашылық идеяларды, ЕББҚ бар балалармен жұмысты әдістемелік сүйемелдеуді, әдістемелік қызметтің заманауи үлгілері мен тәсілдерін, педагогтердің жеке және кәсіби дамуына арналған кәсіби қауымдастықтарды ашып көрсетті.

Облыстық әдістемелік орталықтың орынбасары Т.И. Набатникова атап өткендей, сөйлеген сөздерінде көптеген идеялар үндесіп, бір - бірін толықтырды, бұл қолда бар тәжірибелерді кәсіби байытуға ықпал етеді. Сонымен қатар жаңа тәсілдермен, формалармен, құралдармен танысты.

Конференцияға қатысушылар өткізілген конференция туралы өздерінің оң пікірлер білдірді.