Жаңа жыл қарсаңында «Алматыкітап баспасы» облысымыздың цифрлық ресурстарға қолжетімділігі шектеулі шағын жинақты және шет аймақтардағы мектептерге әрқайсысының құны 400 000 теңге болатын 42 білім беру стацияларын сыйға тарту етеді. «TopIQ - MobilBox» - бұл әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жоба, ол цифрлық ресурстарға шектеулі қолжетімділігі бар шағын жинақты мектептерге және облыстың шалғай аймақтарында орналасқан мектептерге арналған.

Аталған жоба - шалғайдағы мектептер мен кітапханаларды интернетсіз жұмыс істейтін заманауи цифрлық ресурстармен және жасанды интеллект құралдарымен жабдықталған «TopIQ - MobilBox» оқу станцияларымен қамтамасыз етуге бағытталған тың қадам.

«TopIQ - MobilBox» - оқу үдерісін қолдауға арналған автономды оқу станциясы. Құрылғы шалғай елді мекендердегі және шеткері қала мектептеріндегі оқушылар мен мұғалімдерге оқу контентін еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Оқу станциясына:

- қазақ және орыс тілдеріндегі 395 оқулық пен көркем әдеби кітап;

- бейнематериалдар, аудиоконтент, мультфильмдер;

- интерактивті тапсырмалар мен тесттер енгізілген.

Сондай - ақ оқу станциясында мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған «Qamqor» интеллектуалды көмекшісі бар. Ол сабақ жоспарларын әзірлеуге, оқу материалдарын таңдауға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президентінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау, елдегі шағын жинақты мектептерге, кітапханаларға көмек көрсету, оларды заманауи оқу құралдарымен қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыруға үлес қосу.

«Алматыкітап баспасына» мектептерге «TopIQ - MobilBox» станциясын сыйға тартқаны үшін мектеп директорлары шынайы алғыстарын білдірді.