Директор орынбасарларының тиімді қызметін қамтамасыз ету, нормативтік - құқықтық базаны зерделеу, жүйелеу және тәжірибеде қолдану, сондай - ақ басқарушылық шешімдердің заңдылығы, ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының жаңадан тағайындалған директор орынбасарларына арналған «Әдістемелік көмек» вебинарын өткізді.

Аталған іс - шара облыстық «МО синергиясы: кәсіби дамудың бірыңғай әдістемелік платформасы» жобасын іске асыру және орта білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларының әдістемелік бірлестіктерінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.

Вебинар барысында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың өзекті практикалық мәселелері, оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау, мектеп жоспарлары мен даму бағдарламаларын әзірлеу, сондай - ақ білім беру процесін құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Спикерлер - әдістемелік бірлестік мүшелері болып табылатын тәжірибелі директор орынбасарлары - басқарушылық қызметте сұранысқа ие практикалық тәжірибелерімен, тиімді құралдарымен және ұсынымдарымен бөлісті.

Іс - шара қорытындысында қатысушылар (100 адам) ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, алынған білімді өз қызметінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. 

Мұндай кездесулер жобаны іске асыру аясында алдағы уақытта да жалғасын табады.