Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы алқасының 2025 жылғы 07 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы негізінде әдістемелік жұмыстың сапасын, педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу деңгейін, жоспарлаудың тиімділігін бағалау және проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында білім бөлімдерінің, өңірлер мектептері әкімшілігінің әдістемелік кабинеттері мен әдістемелік қызметтерінің қызметін зерделеу жүргізілді. Зерттеудің негізгі бағыттары нормативтік қамтамасыз ету, құрылымы мен кадрлық әлеуеті, педагогтердің біліктілігін арттыруға қажеттілігі, оқу - әдістемелік кеңестердің қызметі, инновациялық қызмет, "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру болды. Жұмыс барысымен Алтынсарин, Жітіқара, Жангелді, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл, Меңдіқара, Федоров аудандарына, Лисаков, Арқалық қалаларында болды. Өңірлерде әдістемелік қолдаудың сапасын арттыру мақсатында әдістемелік көмек беру бағытындағы іс - әрекет жұмысы өзіндік жалғасын табатын болады.