ЮНЕСКО клубының іс - әрекеті  аясында  №3 мектеп - гимназиясының педагог - психологі Джайкова Айгерим Дастановна Әзірбайжанда өткен COP29 Climate Change Summer Camp 2025 халықаралық іс - шараға  қатысты.

Бұл ерекше іс - шара әлемнің түкпір - түкпірінен келген қатысушыларды біріктірді. Халықаралық деңгейдегі алаңда климаттың өзгеруі, тұрақты даму және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім берудің рөлі сияқты жаһандық мәселелер талқыланды.

🌍Бағдарлама аясында Айгерим Дастановна “The impacts of climate change on children” («Климаттың балаларға әсері») тақырыбында баяндама жасап, жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.