ЮНЕСКО клубының іс-әрекеті аясында №3 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Джайкова Айгерим Дастановна Әзірбайжанда өткен COP29 Climate Change Summer Camp 2025 халықаралық іс-шараға қатысты.
Бұл ерекше іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды біріктірді. Халықаралық деңгейдегі алаңда климаттың өзгеруі, тұрақты даму және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім берудің рөлі сияқты жаһандық мәселелер талқыланды.
Бағдарлама аясында Айгерим Дастановна “The impacts of climate change on children” («Климаттың балаларға әсері») тақырыбында баяндама жасап, жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.