2025 жылдың 27 тамызы күні Тамыз кеңесі өткізу барысында «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында нысаналы мектептерде білім беру сапасын арттыру» секциясының жұмысы өтті.
Секция модераторы, білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Г. М. Утегенова Қостанай облысында жобаның іске асырылуын қорытындылады: 2024-2025 оқу жылында 15 нысаналы мектеп (6 қалалық және 9 ауылдық) анықталып, жобалау кеңсесінің құрамына әдістемелік орталық әдіскерлері мен аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің 15 әдіскері еніп, әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету үшін олар әр мектепке бекітілді. 300-ден астам педагог деңгейлік бағдарламалар аясында курстан өтті.
Облыстың Жобалық кеңсесі облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен өтетін кеңестерді, семинарларды, шебер-сыныптарды, қонақ сабақтарын, бейнеконференцияларды, әдістемелік десанттарды және де жұмыс жасаудың т.б. түрлері бойынша өңірдің нысаналы мектептеріне кешенді әдістемелік қолдау көрсетті.
Өңірде педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыруға бағытталған ірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Жобалық кеңсе тәжірибесі республикалық деңгейде көрсетіліп, сонымен қатар Қазақстанның 13 өңірінің әдіскерлері үшін тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өту алаңы болды. Бірлескен жұмыстың бұл жүйесі оқыту мен оқу сапасын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік беріп, оқу үдерісінің табысты кепілі мен нысаналы мектептердің бірінші ағымда Жобадан шығуына жағдай жасау болды.
Секцияның практикалық бөлігі интерактивті алаңдардан тұрды. Онда әдіскер-менторлар мен нысаналы мектептердің педагогтері 943 – еліміздің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына қатысу, білім сапасын арттыруға бағытталған мектеп дамуының факторы іспеттес» коучингін, «Нысаналы мектептегі болашақтың сабағы: идеялар мен іс-әрекеттердің қарқындылығы» атты интенсивті практикумын, «Функционалдық сауаттылық сапалы білім берудің ресурсы іспеттес» тақырыбындағы интерактивті зертханасын, «Интерактивті әдістер арқылы оқытудың сапасын арттыру» шебер-сыныбын, «Әдіскер қасыңда: шабыттандыратын қолдау» тақырыбындағы кәсіби шешімдер шеберханасын өткізді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/617-943-eldi-nysanaly-mektepterin-damytu-zhobasyna-atysudy-o-t-zhiribesi.html#sigFreeId7f041c4915





