Бүгін  ҚОӘББ  «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің «Айгөлек»  бөбекжай - бақшасы» КМҚК «Инновациялық практика іс-әрекетте: идеядан нәтижеге» тақырыбында  облыстық семинар өтті.  Іс-шараға  Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан келген мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. 

Бейімбет Майлин ауданы шығармашылық есеп беріп, мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық тәсілдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар әдістемелік әдіс-тәсілдермен танысып қана қоймай, мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін де талқылады.  

Негізгі   бөлімінен  кейін ұйымдастырылған экскурсияда  іс-шара  қатысушылары   балалармен жұмыс жасау барысында  инновациялық идеялардың балабақшада қалай жүзеге асырылатынына куә болды.

Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, жаңа қадамдарға   шабыттандырады   және   барлығымызға сапалы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі!