Тамыз конференциясы аясында ТжКБ ұйымдары басшыларының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер секциясының жұмысы өтті.
Кездесудің басты тақырыбы – білім сапасын басқарудағы инновациялық тәсілдер мен педагогтерді әдістемелік қолдау болды. Қатысушылар заманауи технологияларды талқылап, тәжірибе алмасып, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге жауап іздеді.
Секция бағдарламасында тәлімгерлікке, сыни және креативті ойлауға, цифрлық құралдарды пайдалануға және мұғалімдерді әдістемелік қолдаудың жаңа форматтары бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
Бұл платформа озық тәжірибе алмасу орны ғана емес, сонымен қатар ТжКББ кәсіби ұйымдарын одан әрі дамыту үшін идеялардың қайнар көзіне айналды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/607-pedagogtardy-distemelik-oldau-zdik-praktikalar-zh-ne-zha-a-ideyalar.html#sigFreeId7d7e8e4280





