2025 жылдың 13 тамызында заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамытуға арналған білім беру конференциясы аясында химия пәні мұғалімдері секциясының отырысы өтті. Секция жұмысына  мұғалімдер, әдіскерлер, жас мамандар қатысты. Пікірталас химияны оқытудағы инновациялық тәсілдер, оқушыларды ынталандыру әдістері, заманауи технологияларды енгізу, зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту мәселелеріне арналды. Табысты жобалар мен химияны тереңдетіп оқытуға ықпал ететін тақырыптардың мысалдары көрсетілді. Мұғалімдердің презентациясы аясында олимпиада тапсырмаларының өзгеру динамикасы байқалды: фактілерді білу бойынша тапсырмалар мен жүйелі және пәнаралық қатынасты талап ететін тапсырмалар. Оқушыларды олимпиадаға қатысуға дайындау әдістері талқыланды. Секция қызу, сындарлы түрде өтті. Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығын және оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге дайындығын атап өтті. Мұндай іс - шаралар мұғалімдердің кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар пәндік іс - әрекеттер арқылы оқушылардың өзін - өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға ықпал етеді.