Тамыз конференциясы аясында биология мұғалімдері секциясының отырысы өтіп, заманауи білім беруді дамытудың өзекті бағыттары талқыланды. Биологиялық білім беру призмасы арқылы білім алушылардың жеке және кәсиби құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізгі аспектілері пікірталасқа салынды.  

 Биология мұғалімдеріның секциялық отырысында оқу үдерісін жаңғыртудың негізгі бағыттары қарастырылды. Экологиялық білім беру арқылы ұлттық құндылықтарды кіріктіру, функционалдық сауаттылықты дамыту, инклюзивті ортада қалыптастырушы бағалау, халықаралық форматтағы тапсырмаларды енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Жұмыс барысында ауыл білімінің заманауи сын-тегеуріндері мен оны жеңу жолдары, мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз етуде жасанды интеллектті пайдалану, сондай-ақ мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу және инженерлік құзіреттілігін дамытуға бағытталған инновациялық тәжірибелер мен жобалар талқыланды.  Секция отырысы тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби өсуі және заманауи мектепті дамытудың жаңа шешімдерін іздеудің маңызды алаңына айналды.