2025 жылғы 18 тамызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК базасында арнайы пәндер оқытушыларының техникалық және кәсіптік білім беру секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысының форматы – кейс-сессия, онда оқытушылар WorldSkills стандарттары мен «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары енгізілген сабақтардың тәжірибелік мысалдарын ұсынды. Мұндай формат тиімді тәсілдерді талқылауға және нәтижелі тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді.
Отырыс қорытындысында қатысушылар қазіргі заманғы кәсіби білім беруде тәрбиелік компоненттің маңыздылығын атап өтті. Тәрбиелік аспектілерді оқу үдерісіне енгізу жаңа буын мамандарын – білікті, бәсекеге қабілетті, жоғары тұлғалық және азаматтық қасиеттерге ие түлектерді даярлауға мүмкіндік береді.





