2025 жылдың 19 тамыз күні тамыз кеңесі аясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері үшін Қостанай қаласының Smart - орталығында облыс әкмінің орынбасары Б. Х. Нарымбетовтың жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің меңгерілу деңгейі: өзекті мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында панельдік отырысы өтті.
Іс - шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым жөніндегі вице - президенті - Шерубай Құрманбайұлы, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми - практикалық орталығы» КЕ АҚ ғалым хатшысы, PhD Оспанова Дана Жаңабекқызы, «Көкжиек - Горизонт» баспасының әдіскері - Узакбаева Назгуль Корабаевна, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшылары мен қызметкерлері, мектеп басшылары, аудандық/қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі қатысты.
Панельдік сессия отырысында ғалымдар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын өркендету жайлы пікірлері мен ұстанымдарын баяндаса, білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Ж. Сюндикова өз баяндамасында Қостанай өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің меңгерілу деңгейі мен жұртшылықты толғандырған өзекті мәселері мен шешілу жолдарын атап өтті.
Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі - Ермағамбетова Ақбота Жаңалыққызы оқушыларға көркем әдебиетті комиксс арқылы оқытудың әдіс - тәсілдері жайлы баяндаса, спикер Жусупова Ғалия Сапарбекқызы қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қолдау жүйесі туралы мәлімет берді.
Түскі үзілістен соң практикалық бөлім Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы мектебінде жалғасын тапты. А. Құнанбаевтың 180 - жылдығына орай ұйымдастырылған көрме келушілерге ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы сыр шертсе, көрнекі безендірілген философиялық ой - толғамдары ақыл - нақылға, ғибратқа жетеледі.
Іс - шараға ZOOM конференциясы арқылы қосылған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. М. Фазылжанова қазақ тілінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, жүйеленуін баяндаса, Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Қарабалық ауданының мұғалімдері тамыз кеңесінде бас қосқан 200 педагогке шебер сыныптар көрсетіп, озық тәжірибелерімен бөлісті.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/589-memlekettik-tildi-bolasha-y-z-olymyzda.html#sigFreeId553cc43c46





