Астана қаласында өткен тамыз конференциясының республикалық панельдік секциясында Қостанай облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Набатникова Т.И. «Мектептен мектепке» кәсіби жолды әдістемелік қолдау тәжірибесін таныстырды. Секцияға облыстық білім басқармаларының өкілдері, облыстық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, «Өрлеу» филиалдарының директорлары, педагогтер және білім беру ұйымдарының директор орынбасарлары қатысты.

Татьяна Ивановна болашақ педагогтермен, жас мұғалімдермен және аттестациядан өтетін педагогтермен жұмыс жүйесін көрсетті. Ол әдістемелік қолдау моделі жеке «сәнді» формалардың жиынтығы емес, әртүрлі санаттағы педагогтер үшін мақсатты, дәйекті әрекеттер екенін атап өтті. Мұндай әрекеттерге тьюторлық, менторлық, жобалар,оқыту вебинарлары және т.б. кіреді.

Сонымен қатар, Рудный қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушісі Нуштаева О.П. әдістемелік орталық директорлары, әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысқан секцияда «PRO-активті педагогты дамыту драйвері ретінде әдістемелік қызмет» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Қалалық әдістемелік кабинеттегі даму траекториясы жобалар арқылы айқындалды. Дизайн-ойлау әдістемесі әдістемелік мәселелерді шешу мен жаңа идеяларды генерациялаудың тиімді құралына айналды. Педагогтердің белсенді оқытылуы командалық жұмыс барысында білім беру процесінің барлық қатысушыларының қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.