«Тұрақты даму мақсаттарын сапалы жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдары» тақырыбындағы кейс - сессия С. Мауленов атындағы гимназияда өтіп, онда ЮНЕСКО клубтарының мектептеріндегі басшылар, психолог пен педагогтер бас қосты.

Қостанай облысында 13 жалпы білім беретін мектеп - Қазақстан ЮНЕСКО федерациясының клубтары, ал бір мектеп - клуб мүшелігіне кандидат.

Шығармашылық және ынтымақтастық ахуалында Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т.И Набатникова. мектептің тұрақты дамуы жолындағы клубтардың мүмкіндіктерін атап өтті. Тұрақты даму - жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудың, жайлы және қауіпсіз орта құрудың негізі, сондай - ақ ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұған дәлел ретінде спикерлер тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың табысты кейстерін ұсынды: «Қиындық - үкім емес, болашақты өзгерту мүмкіндігі», «Кәсіпке апарар үстелдік маршрут: балалар қалай ойнап, өз болашағын таңдайды», «Еріктілер экожүйесі: кеңістіктен әрекетке» және т.б. Педагогтер әзірлеген ойындар, жобалар, қол жеткізілген нәтижелер ерекше әсер қалдырды… Жүйе дамып келеді.

Бирманова К.И., Қостанай облысындағы Қазақстан ЮНЕСКО федерациясының өңірлік өкілдігі - Б. Майлин атындағы №7 мектеп - гимназия директоры, алдағы жаңа оқу жылына арналған мектептердің қызметінің бастамаларымен  таныстырды.