2025 жылдың 14 наурыз күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арнап «Инфографика –оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Сеинарға Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Т. Б. Жайлыбаев қатысып, ұстаздар қауымын «Ұлыстың ұлы мерекесі –Наурыз мейрамы» мен құттықтап, Рудный қаласындағы қазақ мектептерінің жай-күйіне, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, семинардың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Ә. Бөкейхан жалпы білім беру мектебіндегі 11 сыныппен өтілген (Ж. Б. Дадыбаева) «Абай жолы» роман - эпопеясындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау, даралау арқылы өмір шындығын көрсету, 7 «Ә» сыныптағы (Д. Р. Елжанова) «Тамақ өнеркәсібі», 6 «А» сыныптағы (Ф. И. Даулетярова) «Қажымұқан» повесі тақырыбындағы ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдер арқылы беріліп, оқушылардың оқу сауаттылығының жоғары деңгейде екенін көрсетсе, 9 «А» сыныптағы «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі» тақырыбындағы ашық сабақ («Өрлеу» БАҰО филиалы ҚОБ КДИ кафедра меңгерушісі Жусупова Галия Сапарбековна) облыстық семинарға жиналған педагогтарға семинардың тақырыбын, мақсатын, міндетін кеңінен ашып түсіндірді.
Аталмыш семинарда (Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жббм және 10 мг педагогтері З. У. Утегенова, А. К. Жикина) «Сабақта білімге жетелейтін және оқу сауаттылығын дамытатын инфографика тәсілдерін жүзеге асыру», ( мектеп директоры Ж. К. Ембергенова мен орынбасары С. Т. Кемесариев) «ЖИ қолдану арқылы оқу мен оқытуды ұйымдастыру», (З. Д. Сергазина мен Е. А. Иманкулов) «Тұтас емес мәтіндер арқылы тапсырмаларды ұйымдастыру жолдары» (Қ. И. Бірманова мен Г. Ш. Аккужина), «Графикалық органайзерлер: Күрделі ақпаратты қарапайым етіп ұсынудың құпиясы» тақырыбындағы шебер сыныптар инфографиканы оқытуды қолдану әдіс –тәсілдерімен танысып, оқу процесін көрнекі, әрі қызықты ету мүмкіндіктерін меңгерді.
Сонымен қатар, ұлт көсемі – Ә. Бөкейхан мектебіндегі облыстық семинарға жиналған 50 –ден астам педагогтер Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы сахналаған ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды тамашалап, асқақтата шырқалған ән мен күмбірлеген күйдің ләззатына бөленді.
Іс-шараның қорытындысында облысымыздың аудандары мен қалаларынан келген ұстаздар қауымы семинрдан алған әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына шығармашылық шабыт тілеп, ризашылық сезімдерін жеткізді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/503-aza-tili-p-ni-m-alimderini-oblysty-seminary.html#sigFreeId0c47998a36





