2025 жыл 15 наурызда  математика, физика және орыс тілдерінен VIII Халықаралық «Таным көкжиегі» олимпиадасының финалы өтті. Бұл олимпиада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ, «Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті» ФМБЖО, «Қостанай құрылыс колледжі КМҚК-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

  Биылғы жылы  Қазақстан Республикасының 24 білім беру ұйымынан 510 білім алушы қатысты. Іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 55 қатысушы финалдық турға өтті.

✨ Халықаралық олимпиада - бұл білім деңгейін тексеру ғана емес, сонымен қатар жаңа көкжиектерді ашу, шығармашылықты дамыту және баға жетпес тәжірибе алу мүмкіндігі.

🏅 Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

📐 Математика:

🥇 1 орын — Демьян Чичиков, Александра Максимова (Рудный политехникалық  колледжі).

🥈 2 орын — Дарья Тазина, Ксения Ахмутдинова (Қостанай  құрылыс колледжі).

🥉 3 орын — Жан Каратаев (Қостанай құрылыс колледжі).

📖 Орыс тілі:

🥇 1 орын — Алишер Шокаев, Кирилл Ермолаев, Кирилл Цвигун (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі).

🥈 2 орын — Руслан Шавалеев, Рамида Багирова, Ирина Виноградова (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі), Илья Лазарев (Қостанай политехникалық жоғары колледжі).

🥉 3 орын — Руслан Широков, Илья Мелёхин, Кирилл Галкин, Роман Радошнов  (Қостанай  құрылыс колледжі); Юлия Ефремова, Дарья Евстегнеева (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі), Владислав Позднышев (Қостанай политехникалық жоғары колледжі).

🔬 Физика:

🥇 1 орын — Богдан Козлюк (Қостанай  құрылыс колледжі).

🥈 2 орын — Валентина Абаимова, Александр Козицкий (Қостанай  құрылыс колледжі).

🥉 3 орын — Сергей Гикст, Дмитрий Фоменко (Рудный тау-кен технологиялық колледжі).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!