Облыс мектептері үшін Білім беруді басқарудың әдістемелік орталығының әдістемелік десанты білім сапасын арттыруда жемісті нәтижесін көрсетті.
2025 жылдың 27 ақпанында Федоров ауданы білім бөлімінің Баннов жалпы білім беретін мектебінде «943 – мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобасы аясында кезекті жиын өтті. Ұстаздар ашық сабақтарға қатысқаннан кейін, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері кеңінен талқылады.
Әдістемелік орталықтың аға әдіскері Бесенбаева Валентина Бақытжанқызы әріптестерін оқу-әдістемелік кеңесте авторлық еңбектерге сараптама жүргізу және әдістемелік өнімдерді әзірлеу тәртібімен таныстырды.
Шеберлік сыныбында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ химия пәнінің мұғалімі Нұғыманова Карина Аңсағанқызы дарынды балаларды жобалық қызметке қатыстырып, қолдау идеясымен таныстырды.
Сонымен қатар, әдістемелік орталықтың әдіскері Көбеева Қарлығаш Сапабекқызы шағын орталық пен мектепке дейінгі даярлық сыныбы педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Жалпы, әдістемелік орталық пен мектептердің өзара тығыз байланысы жоғары нәтижелерге жету үшін маңызды әрі қажетті қадам болып табылады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/494-nysanaly-mektepti-distemelik-s-jemeldeu.html#sigFreeIde9f8073526





