«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасының Жол картасына сәйкес Қарасу ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде тағы бір Құзіреттілік орталығы ашылды. Құзыреттілік орталығының бағыты – мұражай педагогикасы.

Ауа - райының қолайсыздығына қарамастан облыстың аудан - қалаларынан мұғалімдер, әдіскерлер, директорлар, директордың орынбасарлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар келіп іс-шараға қатысты.
Бұл бағытқа қызығушылық танытқан ұстаздар білім беру ортасының сапасын, ұжымдық атмосфераны, мектептегі оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірлестігінің жұмыстарын атап өтті.
Арнайы даму кеңістігін құрудың бастамашысы - Қаби Гауһар Арғынқазықызы.
Мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ барлық станция/аялдамаларға, мектептің безендірілуіне түсініктеме беріп, еліміздің тарихын айтуда мектеп директоры басты рөль атқарды ...
Іс-шараны Қарасу ауданы білім бөлімінің басшысы Д.Б. Шарипов пен облыстық әдістемелік орталықтың директоры А.С. Балтабаева ашты.
Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т. И. Набатникова облыстық Құзырет орталықтары қызметінің басым бағыттарына кеңінен тоқталып, олардың өзектілігін, міндеттерін атап өтті.
Содан кейін Қазақстанның тарихи даму атмосферасының қатысушылары «Театр» станциясы «пойызының жолаушылары», - «Қолөнершілер» қаласы, «Әжелердің ойыншықтары», «Халық даналығы», «Мәдениеттер тоғысуы..., Жүрегіміз – алтын бесік», шағын ретро ыдыс - аяқтар мұражайы, балауыз мүсіндер мұражайы, «Қабырғадағы мұражай» аялдамасы мен шеберлік сабақтарына қатысты. (актерлері - мұғалімдер мен ата-аналар),
Қатысушылар мектеп оқушыларының, мұғалімдердің және ата-аналардың өздері жасап, ұсынған жұмыстарына, ресурстарына таң қалып, риза болды.
Сондай-ақ, педагог қызметкерлерді аттестациялау ережесі бойынша мұғалімдермен, директорлармен, директор орынбасарларымен, әдіскерлермен кездесу өткізілді.
А.С. Балтабаева және Т. И. Набатникова Ережедегі өзгерістерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, аттестацияға сапалы дайындалу бойынша ұсыныстарын ұсынды.
Іс-шара «Біздің әлем» атты театрландырылған қойылыммен аяқталды.