28 ақпанда «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының БӘжТД оқытушылары үшін «Патриоттарды тәрбиелейміз: әскери-патриоттық тәрбиенің өңірлік тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті.

Семинар жұмысына Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Маусымбаев Б.М. өз сөзінде жастар арасында патриотизмге тәрбиелеу үшін әскери-патриоттық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинардың теориялық бөлімінде БӘжТД оқытушылары: Нурканов М. К., (Қостанай политехникалық жоғары колледжі), Мезенцев А.Д., (Қостанай автомобиль көлігі колледжі), Полыскалин В.М., (Федоров ауыл шаруашылығы колледжі), Егоркин С. В. (К.Доненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі) студенттерге әскери - патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Фатхудинов Р.Р. білім алушылармен жұмыс істеудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынды. «Қобланды» және «Жас бүркіт» ҚПК студенттері қару-жарақпен және қарусыз қоян-қолтық күресінің элементтерін көрсетіп, сөз сөйледі.

Семинар тәжірибе алмасу және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу алаңына айналды. Қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.