2025 жылдың 28 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнап «Қазіргі сабақтың конструктивтілігі» атты облыстық семинар өтті.

5 сыныптағы «Сыртқы келбет және тазалық» (А. Б. Ахметкалиева).,
6 сыныптағы «Тортай мінер ақбоз ат» (А. С. Сандибекова)., 9 сыныптағы «Ұлпан» романы (Ж. У. Калиева)., 7 сыныптағы «Таңғы асты тастама» (А. Е. Тулепова) тақырыбындағы өткізілген ашық сабақтар қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды нақты көрсетіп, оқушылардың игерген материалдарын бүгінгі өмірмен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Ал «Дәмхана төріңдегі қазақ тілі» (К. Д. Уразбеков пен Э. Е. Дуйсенбаева)., «Ана-Жер-Ана» ( А. К. Есетова мен У. С Игисенова)., «Қазіргі сабақтың конструктивтілігі: Жаңашылдық пен тиімділіктің үйлесімі» (Е. А. Иманкулов пен Г. С Бегайдарова)., «Мәтінмен жұмысты ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» (А. С. Есенова мен А. Ж. Байдрахманова) тақырыбы бойынша өтілген шебер сыныптарда ұлттық тағамдар мен зиянды тағамдардың айырмашылығы, адамның ақыл-есі, жадысы, болмысы, жасанды иетелектінің тиімділігі, мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдіс –тәсілдері кеңінен түсіндірілді.
Семинардың қорытынды рефлексиясында (К. А. Тлебеаева және Қ. Б. Абдуалиев) облыс ұстаздары семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, озық әдіс-тәсілдерді атап өтті.
Облысымыздың аудан/ қалаларынан 60 - тан астам педагогтер қатысқан облыстық семинарға Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Ахметова мен аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г. Каленова да қатысып ұстаздарға қолдау көрсетті.