2025 жылдың 28 ақпан күні ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Тоғыз айға – тоғыз іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатымен, ҚР оқу - ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапханасы А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» атты республикалық челлендж ұйымдастырды.Білім саласы бойынша челлендж форматында ұлы тұлғалардың шығармаларын насихаттау дәстүрлі іс-шараға айналды.
2024 жылы өткізілген республикалық челленджде Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы Қостанай облысының атынан Қарағанды облысынан Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» атты шығармасын қабылдап алып, Қызылорда облысына Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» атты шығармасын жолдаған болатын.
Биылғы, 2025 жылы өткізілген республикалық челленджде Қостанай облысының атынан «Арқалық қаласы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ челленджге қатысты.
Атап айтсақ, 10 сынып оқушысы Нұржанова Нұрсая Қарағанды облысынан Абайдың «Бойы бұлғаң» атты шығармасын қабылдап алып, Қызылорда облысына ұлы ақынның «Масғұт» поэмасын жолдады.
Абайдың шығармаларын сүйіп, жатқа оқитын Нұрсая ұлы ақынның «Масғұт» поэмасынан басқа «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларымен қатар, өзге де шығармаларының біразын жатқа біледі.
Бұған республикалық «Абай оқулары» байқауында Нұржанова Нұрсаяның «Ерекше жетістігі» үшін арнайы марапаттың иесі атанғаны айғақ болып табылады.
Жалпы, Нұрсаядай жігерлі, парасатты жастарымыз ұлы ақынның ақыл-нақылға толы шығармаларын заман талабына сай лайықты деңгейде насихаттап, келер ұрпаққа аманат етіп табыстары ақиқат.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/485-ly-a-ynny-shy-armalaryn-zhastarymyz-lajy-ty-de-gejde-nasikhattauda.html#sigFreeIdd118b80fd6





