2025 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдістемелік қызметте soft skills қалыптастыруға арналған Форсайт-сессия форматында облыстық семинар өткізді. Оған директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты.

Семинарды ұйымдастырудың мақсаты: директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер арасында Soft Skills дамытудың құралдары мен тәсілдерін білім беру ортасына енгізуді қалыптастыру.

Облыстық семинар аясында «Әдістемелік қызметте soft skills қалыптастыру »Форсайт сессиясына  қатысушылар 21 ғасырдың негізгі дағдылары: сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, шығармашылық, эмоционалдық интеллект мәселелерін талқылады. Спикерлер осы құзыреттерді дамытуға бағытталған заманауи әдістер мен кейстерді ұсынды.

Форсайттық сессияға қатысушыларды құттықтау сөзімен Жітіқара политехникалық колледжінің директоры М.А.Аблаев, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары М.М.Боқаев сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларға ең жағымды әсер қалдырды! Ол тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсудің қуатты шабыт көзі болды. Барлық қатысушыларға белсенді жұмысы мен жемісті пікірталастары үшін алғыс айтамыз!