Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің әр облысынан келген педагогикалық қауымдастықты қарсы алды. Тәрбие жұмысының мәселелері әрқашан да өзекті! Біртұтас тәрбие бағдарламасы құнды білім берудің негізгі аспектілерін нақты белгіледі. Еліміздің жарқын болашағымен байланысты "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының идеясы "Әділ Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт" үштігінде көрініс тапты.
Екінші күні педагогтер, әдіскерлер диалог алаңдарына қатысып, СҚО-ның тәрбие кеңістігімен танысты. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-сының өкілі Т.Р. Абишев белсенді қатысты, ол құнды білім берудің тиімділігі мен даму жолдарын атап өтті. ҚР Білім министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Бағдарламаны іске асыруды үйлестіреді. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті М.А.Тыныбаева әдістемелік қызметтермен жұмыс барысында Бағдарламаны іске асыруды ғылыми-әдістемелік жағынан сүйемелдеуге көп көңіл бөледі. Біз конференцияларда, семинарларда, челлендждерде жүйелі түрде тәжірибе алмасамыз.
Тәрбие процесі үздік тәжірибелермен жетілдіріліп жатыр!
View the embedded image gallery online at:
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/482-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasyny-ideyasy.html#sigFreeId57272cde6d
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/482-birt-tas-t-rbie-ba-darlamasyny-ideyasy.html#sigFreeId57272cde6d





