2025 жылдың 21 ақпанында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Жасанды интеллект білім беру ортасын трансформациялау жағдайында бастауыш сынып оқушыларының танымдық сабағын құру және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
облыстық семинары болды. Семинар бастауыш сынып мұғалімдерін білім беру процесінде жасанды интеллекті қолданудың практикалық мысалдарымен таныстыру, ЖИ танымдық сабақтарды құруға қалай ықпал ететінін көрсету, сондай - ақ бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуды қолдау мақсатында өтті. Семинар жұмысына барлық аудандардан 60 - қа жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасының практикалық сессиясының бірінші бөлімінде мектеп мұғалімдері:
- дүниетану (Городецкая В. В., педагог - модератор),
- орыс тілі (Олексюк Т. В., педагог - сарапшы),
- математика (Федотова Н. С. , педагог - зерттеуші),
- әдебиеттік оқу (Испулова Ж. К, Гошовская А. Л. , педагог - сарапшылар) пәндерінен ашық сабақтар көрсетті.
Практикалық сессияның екінші бөлігінде «Интерактивті технологиялар және ЖИ: теориядан практикаға» (Баранник А. К. , педагог - зерттеуші), оқу сауаттылығын дамыту үшін Educaplay, Umaigra, IQsha платформаларын пайдалану (Аменова А. Б. , педагог - сарапшы), математиканы бейінді оқыту үшін бағдарламалар (Photomath, Quizizz, GeoGebra) (Макрушина О. В. , педагог - зерттеуші), бастауыш мектепте жаратылыстану - ғылыми сауаттылықты дамыту. Виртуалды зертханалар және модельдеу. ЖИ көмегімен ғылыми түсініктемелер жасау (Белохвостикова Т. А. , педагог - модератор) өздерінің тәжірибелерімен таныстырды.
Семинар Sampling «Идеялар сандығы» арқылы қорытындыланды. Мектептің ұжымына шығармашылық жетістіктер тілейміз.