EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік - техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс - шара.
Фестиваль Оқу - ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200 - ден астам мамандықтың қыр - сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс - шараға 15 мыңнан астам адам келген.
Қасым - Жомарт Тоқаев энергетика, тау - кен, металлургия, мұнай - газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты. Сондай - ақ Президентке еңбек нарығындағы сұранысқа және әр өңірдің ерекшелігіне қарай кәсіптік - техникалық білім беру ұйымдарын трансформациялау мысалдары баяндалды.
Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/466-prezident-zh-mysshy-mamandy-taryny-alasy-festivaline-bardy.html#sigFreeId9849d10b2c





