Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік - техникалық білім беруді реформалаудың экономикалық дамудағы рөлін ерекше атап өтіп, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
Жұмысшы мамандықтары - ел экономикасының дамуының негізі. Қазіргі уақытта 33 колледжде экономиканың әртүрлі салаларына жұмысшылар мен орта буын мамандары дайындалып, 21 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 19 мыңға жуығы немесе 87 % мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады.
Жыл сайын ТжКБ ұйымдары арасында облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар өткізіліп келеді. Биылғы жылдың 12 ақпан күні «Қостанай гуманитарлық колледжі» ЖМ базасында ТжКОБ беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары арасында «Жаңашыл мұғалім - 2025» облыстық байқауы өтті.
Байқауға облысымыздағы 14 ТжКБ ұйымының оқытушылары кәсіби біліктілік бойынша сайысқа түсті. Байқау шарты келесі 4 кезеңнен тұрды:
«Шебер сынып», «Өзім жайлы жарнама», «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен сабақтасқан авторлық бағдарламаны қорғау», «Педагогика, методика, қазақ тілі, еңбек кодексі» - бойынша тестке жауап беру.
Байқауға қатысқан үміткерлердің еңбек өтілі, біліктілік санаты, жастары да әртүрлі. Сайыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болатыны ақиқат...
Үміткерлердің 4 кезең бойынша қол жеткізген балдарын есептей отырып, әділ - қазылар алқасы:
Гран - при: «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Жиенбаева Самал Аскаровнаны; I дәрежелі дипломмен "Н Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі " КМҚК оқытушысы Ақылбеқова Луиза Бекетқызын,
ІІ дәрежелі дипломмен:
- КМҚК оқытушысы Казиева Умут Жұмағалиқызын;
- «Рудный тау - кен - технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысы Жаксылыкова Бахиткуль Айжанқызын;
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- КМҚК оқытушысы Махамбетов Жәдігер Тұрсынұлын;
- «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы Байменова Турсункуль Ибраевнаны;
- Қостанай гуманитарлық колледжі» ЖМ оқытушысы Нұржан
Гүлжанат Түйебайқызын марапаттады. Байқауға қатысқан қалған үміткерлер сертификаттарға ие болды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/464-zha-ashyl-m-alim-2025-oblysty-baj-auy.html#sigFreeId9639fa697a





