2025 жылдың 6 ақпаны күні Қостанай облысының 30-ға жуық мектебі Беларусь Республикасының Гродно облыстық білім беруді дамыту институтымен ауыл шаруашылығы қызметін өркендету бойынша онлайн кездесуге қосылды.
Қостанай облысы экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының мамандары үнемі сұранысқа ие. Сол себепті, мектептерде агрономиялық кәсіби білім беруді ашқан абзал.
Жиын басында қостанайлықтарға Гродно облыстық білім беруді дамыту институтының ректоры Светлана Антоновна Сергейко алғы сөзін арнап, игі тілегін білдірді.
«Гродно облысында 67 ауыл шаруашылығы топтары мен ауылшаруашылық сыныптары ашылып, 509 бала оқиды», - деп атап өтті «Гродно облыстық білім беруді дамыту институты» МБМ жалпы орта білім беру орталығы басшысының орынбасары Татьяна Бурдук.
Беларустық әріптестер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, ауылшаруашылық профилін сапалы енгізу үшін оқу жоспарының мүмкіндіктері, іс-шаралар жүйесі, ауыл шаруашылығы және агрономиялық жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі ауылшаруашылық сыныптарының түлектеріне арналған жеңілдіктер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы топтары мен ауылшаруашылық сыныптарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшеліктері, олардың кәсіпорындарымен және екінші ауылшаруашылығы саласындағы арнайы білім беру ұйымдарымен жан-жақты ынтымақтастығы, «Агрогиада» и «Агроклассы 4D» жобаларының жүзеге асуы.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/451-auyl-sharuashyly-yny-khaly-araly-t-zhiribesin-zerttejmiz.html#sigFreeId45d67ddfd5





