2025 жылдың 6 ақпаны күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ Қостанай қаласы білім бөлімінің № 21 орта мектебімен бірлесіп «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары, инклюзивті сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер қатысты.

Іс-шара мектеп психологының тренингімен басталып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің тұсаукесерімен жалғасты.

Семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: «Бұл – орталық мұражай», 3 «Б» сыныбы – А.Қ. Әбілқасова., «Уақыт қайтарымы» романдары», 9 «А» сыныбы –Л. М. Сүлейменова., «Мектеп спортзалында», 2 «Б» сыныбы – Н. С. Алпысова. «Лиро-эпостық жырлар», 8 «А» сыныбы –Г. С Шинибекова тақырыптарында ашық сабақтар өткізді..

Сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыстар атқарылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға бағытталған тапсырмалар да орындалды.

Сонымен қатар, оқушылар заманауи платформаларды белсенді қолданып, сабақтың тақырыбын терең талдады және әртүрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды орындады.

Ашық сабақтардан соң ұстаздар шеберлік сыныптары мен коучинг арқылы тәжірибе алмасты.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік берді.