Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Ағылшын тілі мұғаліміне көмекші ретінде жасанды интеллект: жоспарлаудан бағалауға дейін» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында педагогтер жасанды интеллектіні қолданудың практикалық тәсілдерін ұсынды. Атап айтқанда, ChatGPT көмегімен оқу тапсырмаларын әзірлеу, интерактивті жаттығулар құрастыру, жобалық оқыту әдісін (PBL) қолдану, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, тапсырмаларды саралау, сондай-ақ Merge Cube құралы мен толықтырылған шындық (AR) технологияларын пайдалану жолдары таныстырылды.
Өз тәжірибелерімен М.А. Наженова (Рудный қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебі), Д.А. Каратанова (Қостанай қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебі) және Р.Г. Акбарова (Қарабалық ауданының Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі) бөлісті.
Қатысушылар сабақтарды жоспарлауға, функционалдық және оқырмандық сауаттылықты дамытуға, дарынды оқушыларды қолдауға және оқу нәтижелерін бағалауға арналған цифрлық құралдармен танысты.
Семинар кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мүмкіндіктерін талқылауға жол ашты.