2026 жылғы 27 қазанда Рудный қаласындағы Дм. Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектепте «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында «Ерліктің жарқын бейнесі» атты облыстық форумның шығармашылық шеберханасы өтті
Форум Қостанай облысының педагогтерін біріктіріп, Дмитрий Михайлович Карбышевтің ерлікке толы өмір жолын дәріптеуге, тарихи жадыны сақтауға және патриоттық тәрбие беру тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында мектеп музейінің тәрбиелік маңызына ерекше назар аударылып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, батылдық, табандылық және Отанға адалдық құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Батырлардың ерлігі — ұрпаққа өнеге, тарихқа тағзым!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1109-erlikti-zhar-yn-bejnesi.html#sigFreeId1968821bad





