2026 жылғы 23 қазанда Қостанай қаласында ұлы ағартушы, көрнекті педагог, ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин мұрасы: мектеп ұстаздары тәжірибесінде» республикалық форумы өтті.

Республикалық форумды ұйымдастырушылар – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқамасы мен облысымыздың Ыбырай Алтынсарин есімімен аталатын 8 білім беру ұйымы.

Іс-шара ұлы ағартушының идеяларын бүгінгі мектеп тәжірибесімен сабақтастырып, оның рухани мұрасын жас ұрпақ тәрбиесінде қолданудың өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Форум жұмысына Астана қаласының мектептері, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп және Қостанай облысының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Пленарлық отырыс ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өнегелі жолын, ағартушылық қызметінің тағылымды тұстарын зерделеп, оның баға жетпес мұрасының бүгінгі білім беру жүйесіндегі өміршеңдігін айқындауға арналды.

Пленарлық отырыс оқушылар дайындаған «Ыбырай жаққан шамшырақ» атты әдеби-музыкалық композициямен жалғасады. Бұл көркем туынды – ұлы ұстаздың рухына тағзым, ағартушылық аманатына адалдықтың және оның жаққан білім шамшырағының келер ұрпаққа жол көрсете беретінінің жарқын көрінісі.

Форумның тәжірибелік бөлімінде мектебіміздің педагогтері Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасын қазіргі білім беру мен тәрбие үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Қатысушылар Ыбырайтану курсы арқылы ұлттық құндылықтардың тұлға қалыптастырудағы рөлімен, STEM зертханасында пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық жобалары, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тәрбие жұмысын жетілдіру және бір идеяны бірнеше пәнмен байланыстыру жолдары ұсынылды.

Форумға қатысушы мектептер де өз тәжірибелерімен бөліседі. Қостанай ауданының мектебі  жобалар және авторлық жұмыстар арқылы ағартушы мұрасын ұлттық құндылықтармен және экологиялық тәрбиемен байланыстырды.

Амангелді ауданының мектебі оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығы мен танымдық қызығушылығын дамыту жолдарын көрсетті.

Ал Арқалық қаласының гимназиясы Ыбырай әңгімелерінің негізінде қызықты сабақтар құрастыру және жобалық оқыту тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Қарасу ауданының мектебі экологиялық тәрбиемен ұштастырып, Ыбырай әңгімелерін жасанды интеллект пен анимация арқылы таныстыру мүмкіндіктерін ұсынды.

Федоров ауданының мектебі оқушылардың білімге, өнер мен ғылымға қызығушылығын арттыру жолдарын көрсетті.

Алтынсарин ауданының Обаған мектебі Ыбырай мұрасын жасанды интеллект мүмкіндіктерімен байланыстырып, ұлттық педагогиканы заманауи технологиялармен ұштастыру тәжірибесін таныстырды.

Жангелдин ауданының мектебі болса, ағартушы шығармаларын математикалық сауаттылықты дамытуда, ағылшын тілі сабақтарында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда, табиғатты танытуда және құндылыққа негізделген оқытуда қолдану жолдарын ұсынды.

Қорытынды бөлімінде форумының нәтижелері сараланып, қатысушылардың ортақ ой-пікірлері түйінделді.

Форум бағдарламасы Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейіне экскурсиямен жалғасты.