Оқулықтардың авторлары «Алматыкітап баспасы» баспасының вице - президенті Ғ. С. Құдайбергеннің басшылығымен қостанайлық ұстаздармен кездесу өткізді.
Алдағы уақытта оқушыларымыз бастауыш сынып, биология, химия, география пәндеріне арналған қандай оқулықтармен оқиды? Дидактикалық ресурстың сапалы, мұғалімге де, оқушыға да қолжетімді болуы өте маңызды.
1 - 11 сынып оқушыларына арналған Topiq.kz білім берудегі электронды оқулықтар платформасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Барлық оқулықтар оқу бағдарламасының талаптарына сай келеді.
Электронды инновациялық ресурстарда оқушылар мен мұғалімдерге арналған барлық соңғы оқу материалдары бар.
Кездесу соңында көптеген ұстаздар авторлармен сұхбаттасып, байланысу номірлерімен алмасты және платформамен жұмыс істеу шарттарын пысықтады.