Жақында білім беру саласындағы ең беделді кәсіби байқаулардың бірі – «Үздік педагог» байқауы басталады!
Оған қалай дайындалуға болады?
Бұл мәселе байқауға қатысуға ниетті әдіскерлер мен педагогтерге арналған вебинардың негізгі тақырыбына айналды. 2026 жылғы 18 маусымда өткен онлайн іс-шараға 70-тен астам адам қатысты.
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Т.И. Набатникова байқаудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, Конкурсқа ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес берді және вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Академиялық адалдықты сақтау, қатысушыларға қойылатын талаптарды терең түсіну, өзін-өзі рефлексиялау және құжаттарды уақтылы дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының әдіскері А.А. Нугманова ұйымдастырушылық мәселелер мен техникалық сүйемелдеу тәртібін түсіндіріп, педагогтердің сұрақтарына жауап берді.
Болашақ «Үздік педагогтерге» сәттілік тілейміз
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/960-zdik-pedagog-baj-auyna-alaj-dajyndalu-a-bolady.html#sigFreeIdd271c8fd1f





