EDTECH FEST – 2026

«Болашақтың цифрлық тәрбиелік ортасы» атты облыстық сынып жетекшілер фестивалі
2026 жылғы 28 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ базасында сынып жетекшілерінің желілік мектебі облыстық жобасы аясында сынып жетекшілер фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – инновациялық білім беру платформалары мен заманауи жұмыс формаларын пайдалану негізінде желілік өзара іс-қимылды дамыту үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жасау, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәрбие жұмысының жаңа тәжірибелері мен бағыттарын талқылау.
Іс-шараға Қостанай облысының мектептері мен колледждерінің сынып жетекшілері қатысты.
Фестиваль аясында келесі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды:
«Тәрбие жұмысындағы AI»;
«Болашақтың тәрбиелік ортасы» педагогикалық хакатоны;
TED-педагогика.
Фестиваль қатысушылары тәрбиелік ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, буллингтің алдын алу, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты, білім алушылардың эмоционалдық интеллектісін дамыту мәселелерін талқылап, сынып жетекшісі қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында практикалық кейстерге, инновациялық тәрбиелік технологияларға және үздік педагогикалық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Фестиваль соңында рефлексия жүргізіліп, іс-шара қорытындыланды.