Облыстық әдістемелік бірлестіктер форумы
«КӘСІБИ ДИАЛОГ: ӘДІСТЕМЕЛІК ДАМУДЫҢ СИНЕРГИЯСЫ» атты облыстық әдістемелік бірлестіктер форумы Қостанай облысының педагогикалық қауымдастығы үшін кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар алаңына айналды.
Форум барысында 166 қатысушы панельдік, практикалық, кейстік және блиц-алаңдарда жұмыс жасап, білім берудегі заманауи трендтерді, функционалдық сауаттылықты, цифрлық құралдарды, жасанды интеллектті, тәлімгерлік пен әдістемелік мәдениетті дамыту мәселелерін талқылады.
Форум облыстық әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерін, директордың орынбасарларын, тәжірибелі педагогтер мен әдіскерлерді біріктіріп, олар өздерінің табысты тәжірибелерімен, шеберлік сабақтарымен, авторлық әзірлемелерімен және оқытудың инновациялық тәсілдерімен бөлісті.
Форумның ерекше атмосферасын ашық кәсіби диалог, ынтымақтастық, шығармашылық көзқарас және педагогтердің ортақ даму жолында тәжірибе бөлісуге деген ұмтылысы қалыптастырды.
Форумның ерекше атмосферасын ашық кәсіби диалог, ынтымақтастық, шығармашылық көзқарас және педагогтердің ортақ даму жолында тәжірибе бөлісуге деген ұмтылысы қалыптастырды.
Әсіресе форум аясында ұйымдастырылған әдістемелік көрме ерекше назар аудартты. Көрмеде педагогтердің авторлық әзірлемелері, заманауи цифрлық ресурстары, инновациялық жобалары мен тиімді тәжірибелері ұсынылып, әдістемелік жұмыстың жаңа бағыттары кеңінен таныстырылды.
Облыстық әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне, ӘБ мүшелеріне, Қостанай қаласы білім бөліміне (Уразбаева Г.А.), сондай-ақ форум өткізуге база ұсынған №31 мектеп директоры (Баяхметова О.Б.) ерекше алғысымызды білдіреміз.
Форум жүргізушілері Сражатова Н.Д. мен Тоболов А.Т.-ға жоғары кәсібилігі, көтеріңкі көңіл күй мен іс-шараны мазмұнды жүргізгені үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, бастамашылдығы және облыстың әдістемелік қауымдастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!
Кәсіби тәжірибе, ынтымақтастық және үздіксіз даму ұштасқан синергияда педагогтерді шабыттандыратын әрі білім берудің жаңа көкжиектерін ашатын заманауи әдістемелік мәдениет қалыптасады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/944-k-sibi-dialog-distemelik-damudy-sinergiyasy.html#sigFreeIda4fa4b102e





