04.05.2026 ж. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының және Денисов ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті оқытудың заманауи тәсілдері мен стратегиялары» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу zoom конференциясы өткізілді.
Тәжірибе алмасуға Денисов,Қостанай,Меңдіқара,Ұзынкөл аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – цифрлық білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін насихаттау, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және заманауи оқыту стратегияларын талқылау болды.«Денисов ауданы білім беру бөлімінің №2 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Достанова Баян Булатовна іс-шараның өткізілу барысымен таныстырды және төмендегі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
1.Иманғалиева Құралай Болатовна – «Денисов ауданы білім беру бөлімінің Зәует негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі: оқытудың инновациялық модельдері».
2.Амантаева Найля Сеиткалиевна – «Денисов ауданы білім беру бөлімінің №1 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, «Қазақ тілін меңгерудегі мәтінмен жұмыс тиімділігі».
3.Тауканова Слушаш Саимовна – «Денисов ауданы білім беру бөлімінің Қырым жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Жасанды интеллект – қазақ тілі мұғалімінің жаңа көмекшісі».
Тәжірибе алмасу нәтижесінде педагогтер білім беру процесін оқушыға бейімдеу, сабақтың тартымдылығын арттыру, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану және білім сапасын көтеру бағытында жаңа идеялар мен практикалық шешімдер алды. Сонымен қатар, кәсіби ынтымақтастық нығайып, мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі мен заманауи педагогикалық көзқарасы қалыптасты.
Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Іс-шара цифрлық трансформация жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берген маңызды тәжірибе алаңы болды.





