12.05.2026 ж. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ @kst_24_mektep_gimnaziya Бикеева Балапан Мыңжасарқызын еске алуға арналған «Бастауыш білім беруге арналған инновациялық шеберхана» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Облыс аумағынан аталмыш шараға 65 педагог қызметкері қатысты.
Конференция барысында «Педагогикалық хакатон: инновациялық идеялар мен шешімдер», «Кейс-зертхана: мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы мәселелер», «Инклюзиялық білім берудің үздік тәжірибемен бөлісу», «Постер-сессиясы: мәселе-шешім-нәтиже-рефлексия» (инновациялық бағытта ұйымдастырылатын әдістемелік жұмыс), «Цифрлық әдістемелік өнімдер мен инновациялық жобалардың презентациясы» тақырыптары бойынша секциялар жұмыс жасады. Онда өзекті мәселелер талқыланып, озық іс – тәжірибелер ортаға салынды. Секция отырысынан кейін конференция қатысушылары оқушылардың қолөнер, робототехника, логикалық, зерттеушілік, тілдік дағдыларын көрсететін «Оқушылар шеберханасына» қатысты.
Шара соңында «Өңірлік бастауыш білім берудің даму үрдістерін талдау» тақырыбы бойынша пленарлық стратегиялық отырыс өтті. Бастауыш білім беруге арналған инновациялық оқытудың маңыздылығы туралы «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Сюндикова Д. Ж., «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КМАҚ педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Утегенова Б. М., Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық этика кеңесі мүшесі Каримова С. Е., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Кабылдина Қ.Т., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ әдіскері Муканова Б.С. ой қозғады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/926-bastauysh-bilim-beruge-arnal-an-innovatsiyaly-sheberkhana.html#sigFreeIdc289c5356f





