2026 жылғы 29 сәуірде «Денисов ауданы білім бөлімінің №1 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «БӘжТД оқытудағы инновациялық тәсілдер: тәжірибе, қиындықтар және даму перспективалары» тақырыбында облыстық кейс-семинар өтті.
Семинар жұмысына облыстың бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің педагог-ұйымдастырушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құру, тәжірибе алмасу және педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету болды.
Бағдарлама аясында Денисов ауданының БӘжТД саласындағы жетістіктері таныстырылып, бұл туралы педагог-ұйымдастырушылардың әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Геннадий Валерьевич Мыльцев баяндады.
Семинардың практикалық бөлімі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған шеберлік сыныптары мен баяндамаларды қамтыды. Қатысушылар ерекше қызығушылық танытқан бағыттар:
- әскери-спорттық бағдарлау бойынша шеберлік сыныбы;
- білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша баяндамалар;
- оқушылардың ерік-жігер қасиеттерін дамыту проблемаларын талқылау;
- «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмыс тәжірибесін таныстыру;
- БӘжТД сабақтарында жасанды интеллектті қолдану.
Сондай-ақ садақ атудан шеберлік сыныбы өткізіліп, Денисов жалпы білім беретін №2 мектебінің БӘжТД кабинетіне экскурсия ұйымдастырылды. Онда қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету элементтері көрсетілді.
Семинар барысында педагогтар тәжірибе алмасып, оқытудағы өзекті мәселелерді талқылап, пәнді дамытудың перспективалық бағыттарын айқындады.
Осындай іс-шараларды өткізу БӘжТД пәнін оқыту сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби қоғамдастығын дамытуға және оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етеді.





