2026 жылдың 24 сәуірінде «Медиасауаттылықтың дамуы: дербестендіру және цифрландыру» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция жұмысы бүгінде әрбір педагогті толғандыратын үш бағыт бойынша өтті.
1. Педагогтің жеке бренд» және медиялық имиджі: әлеуметтік желілер — бұл жай ғана жеке кеңістік емес, бұл педагогикалық құндылықтарды ықпал ету мен таратуға арналған қуатты құрал. Оқушылардың сенімі мен ата-аналардың құрметіне ие болатын имиджді қалай қалфыптастыруға болады?
2️. Медиагигиена: психологиялық әл-ауқат. «Үнемі байланыста» дәуірінде өзіңізді және оқушыларды ақпараттық шудан қалай қорғауға болады, фейктерді қалай тануға және менталдық денсаулықты қалай сақтауға болады?
3️. Media Production: үйрететін контент. Қазіргі ұрпақты «баурап алатын» білім беру контентін қалай жасауға болады — бейнесабақтар, подкасттар, интерактивті лонгридтер - балалармен олардың тілінде сөйлесуді, мазмұн тереңдігін жоғалтпай, үйренеміз.
«Медиасауаттылықты дамыту: дербестендіру және цифрландыру» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция медиакомпетенттіліктің қазіргі заманғы мұғалімнің негізгі метапәндік сипаттамасы ретіндегі мәртебесін растады. Имидж, психогигиена және контент өндірісі деген үш бағыт бойынша жүргізілген жұмыс өңірдегі білім беруді цифрлық трансформациялауға кешенді тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/903-mediasauattyly-zamanaui-pedagog-shin-1-ziret.html#sigFreeIda8c783afd6





