Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 22 сәуірде Жангелді ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі базасында «Жасанды интеллект — бастауыш білімнің көкжиегі» атты облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты: Педагогтердің білім беру үдерісіне жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді енгізу құзыреттілігін арттыру және ЖИ технологияларын түрлі пәндерде қолдану бойынша озық іс-тәжірибе алмасу.
Семинар аясында Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласының бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, заманауи технологияларды сабақ кезеңдерінде пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетті.
Практикалық бөлімде «Жасанды интеллект — мұғалімнің цифрлық көмекшісі: әдістері мен мүмкіндіктері»; «Бастауыш сыныптарда NotebookLM платформасын тиімді қолдану тәсілдері»; «ЖИ арқылы анимациялық контент жасау әдістемесі»; «Оқытудың жаңа дәуірі: ЖИ бастауышта мектептегі».
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, «еркін микрофон» форматында пікір алмасу өтті. Педагогтер ЖИ құралдарының сабаққа дайындық уақытын үнемдеудегі және оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы рөлін жоғары бағалады.
Мұндай практикалық іс-шаралар өңірдегі білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге және мұғалімдердің цифрлық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.