«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында 2026 жылғы 22 сәуір күні Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы базасында «Ахмет Байтұрсынұлының жас ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы» атты ғылыми - практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бай рухани - ғылыми мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру, ана тілінің қадірін ұғындырып, елжандылыққа, білімге және адал еңбекке баулу болды.
Іс - шара барысында ғалымның оқу - ағарту саласындағы еңбектері кеңінен насихатталып, оның әдістемелік мұрасы қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастырылды. Конференцияға Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы атаулы мекемелер қатысты.
Конференция Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу арқылы қатысушылардың ғылыми - танымдық қызығушылығын арттырды, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда маңызды алаңға айналды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/885-ly-m-ra.html#sigFreeId10be3b3f60





